//
ОҚО-да бетперде кигендер екі адамға оқ атқан Жаңалықтар Оқыс оқиға 

ОҚО-да бетперде кигендер екі адамға оқ атқан

ОҚО-да тәртіп сақшылары қару қолданып, бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады. 19 шілде күні Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне аудандық аурухананың дәрігерлері хабарласып, 31 жастағы жігіт пен 30 жастағы қыздың түскені жайлы хабарлаған. Ол екеуі де атылған оқтан жарақат алған дейді полиция өкілдері.

Ауруханаға жеткен тәртіп сақшылары Жібек жолы ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз біреулердің 31 жастағы жігітке оқ атқанын анықтайды. Қаскөйлер жәбірленушінің соңынан мемлекеттік белгісі жоқ «Ауди» көлігімен қуған екен.

ОҚО-да бетперде кигендер екі адамға оқ атқан

Соның салдарынан атылған оқтан жәбірленуші мен үйінің алдында тұрған кездейсоқ 30 жастағы азаматша қолынан жарақат алған. Ал оқ атқандар қашып кетіпті.

Бұл өрескел жағдай сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 293-бабымен (бұзақылық) іс қозғалды. Іле-шала шұғыл қызметкерлер іздестіріп жүріп Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін сотты болған екен. Қазір күдікті қамауда. Айғақ заттар тәркіленді.

 

Тергеушілер оқиғаның орын алу барысы мен себебін анықтауда. Осы қылмысқа қатысы бар өзге күдіктілер іздестірілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz