Оңтүстікке Вьетнам елшісі келді

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірімізге келген Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Доан Тхи Суан Хйенмен кездесті. Босқосуда тараптар қос елдің ынтымақтастық қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық жағдайы туралы әңгіме өрбітті.

Оңтүстікке Вьетнам елшісі келді

Аймақ басшысы мәртебелі мейманға Оңтүстік өлкесінің негізгі әлеуеттік көрсеткіштері мен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салаларындағы жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, өңірімізде туризмді дамыту мақсатында ашылған «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы жайлы әңгімелеп, онда саяхатшылар үшін бір терезе қағидасы бойыша қызмет көрсетілетінін жеткізді.

Оңтүстікке Вьетнам елшісі келді

Өз кезегінде Вьетнам елшісі өңіріміздің инвестициялық әлеуетінің жақсарғанын айтып, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді оң бағалады. Күріш өнімін экспорттаудан әлем бойынша көш бастайтын мемлекет өкілдері күнгей шаруаларын вьетнамдық күріш өсірудің тың тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуға шақырды. Кездесу нәтижесінде Оңтүстік өлкесімен ауа райы ұқсас келетін елге алдағы уақытта біздің кәсіпкерлер баратын болып уағдаласты.

Доан Тхи Суан Хйен бастаған бір топ делегация өңіріміздің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларындағы жетекшілерімен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайту жолдарын қарастырады деп күтілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР