//
Оңтүстікте парламент мәжілісі қоғамдық қабылдау өткізді Жаңалықтар 

Оңтүстікте парламент мәжілісі қоғамдық қабылдау өткізді

Депутаттардың жазғы каникулы жалғасып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланған парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Оңтүстікке келді. Мәжілісмен Сарыағаш, Сайрам аудандарында болып, халықпен кездесті. Ал күннің екінші жартысында Шымкент қалалық партия филиалында өткен қоғамдық қабылдауға қатысты.

Оңтүстікте парламент мәжілісі қоғамдық қабылдау өткізді

Бұл қабылдауға бес адам алдын ала жазылған. Дегенмен, мәжілісмен Аманжан Жамаловтың қатысатынын естіген арызданушылардың қатары көбейген. Солардың бірі Ақбілек Шынуреева тұрғын үй кезегіне байланысты арызын ала келіпті.

Арызды мұқият тыңдаған нұротандықтар бұл мәселенің тек заң жүзінде іске асатынын алға тартты. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің меңгерушісі де өз жауабын берді.

Ал Самал-2 шағын ауданының тұрғыны Айгерім Бахрамова болса жер теліміне кезекте тұр екен. Ол да өзекті мәселеге қатысты жауаптылардың нақты жауап беруін қалайды.

Тұрғын үй құрылысы бойынша ОҚО республикада алдыңғы қатарда екенін атап өткен мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов арызданушыларды сабырлыққа шақырды. Баспана кезегінде тұрғандар міндетті түрде үйлі болатынын айтты. Өйткені биыл тағы мыңдаған шаршы метр баспаналар иелеріне берілмек.

Әлеуметтік түйткілдердің орын алуына дер кезінде түсіндіру жұмыстарының жетіспейтіні негіз. Бұл көрініс тағы байқалды. Ал қоғамдық қабылдауға үміт артып келгендер уәжіміз ескерілер деген сеніммен қайтты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz