Оңтүстікте «Серпін» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары басталды

Оңтүстік түлектері солтүстікте білім алуға шақырту алды. Өңірде «Серпін-2050» бағдарламасының түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс аймақтарындағы 14 оқу орнының өкілдері Ордабасы ауданындағы бітіруші түлектермен кездесті.

Ал Астанадан келген арнайы өкіл биылғы жобада енгізілген жаңалықтармен бөлісіп, жастар үшін берілген тиімді мүмкіндікті пайдаланып қалуға кеңес берді.

Биыл республика бойынша 3162 грант ЖОО және 1050 грант кәсіптік-техникалық оқу орындарына бөлінген. Бүл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3000-ға кем. Сонымен қатар биыл түлектер аталған бағдарлама аясында Семей мен Қарағанды қаласында медициналық мамандықтарды да игеріп шыға алады. Ол үшін 100 орын белгіленген. Сондықтан кездесуге келушілер де биыл енгізілген жаңалықтар мен түлектерге жасалатын жағдайлар туралы көбірек білуге тырысты.

Тағы бір жаңалық — биылдан бастап «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатындар 3 мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілмейді. Жатақханада жататындар тек коммуналды шығандарды өтеу үшін жылына 25 мың теңге төлейтін болады. Ал оқу орнын бітіргеннен кейін маман сол жерде міндетті түрде қалу керек деген пікір де қате. Яғни, ол дипломды қолына алған жастың өз еркі дейді университет өкілдері. Дегенмен, әр оқу орны әрбір жас маманды жұмыспен толықтай қамтимыз деп сендіріп отыр.

Айта өтейік, 2014 жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша 900-ге жуық түлек солтүстік өңірлерде білім алып жатса, оның саны өткен жылы 3000-ға артқан. Жыл сайын мемлекеттен бөлінетін грант санының денін жерлестеріміз иеленетінін ескерсек, биыл да бұл көрсеткіштің жоғары болатынына сенімді комиссия мүшелері.

Бағдарламанының мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында құрылған республикалық штаб өкілдері өңіріміздің бірнеше аудандарында болады. Ал мемлекеттік конкурсқа қатысып, құжат тапсыру 22-31 шілде аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де өтеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР