Оңтүстікте жүз Нұрсұлтан «Нұрсұлтан ата» әнін орындады (видео)

Оңтүстікте Нұрсұлтан есімді жүз жеткіншек бір мезгілде «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Осынау айта жүрерлік оқиға Астана күнін атап өту кезінде болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстікте жүз Нұрсұлтан "Нұрсұлтан ата" әнін орындады

«Жан жүрегім — Астана!» салтанатты іс-шарасын бастап берген өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов аймақ жұртшылығын мейраммен құттықтады.

Оңтүстікте жүз Нұрсұлтан "Нұрсұлтан ата" әнін орындады

— Осы ширек ғасыр ішінде еліміздің 18 жылдық тарихы Астана атауымен тікелей байланысты. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру — елімізді барынша нығайту және қарышты дамыту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Президент пен қазақстандықтардың ерен ерік-жігерінің нәтижесінде әлемдегі таңдаулы астаналармен сәулет жағынан бой теңестіре алатын осы заманғы озық мегаполис қалыптасып келеді, — деді аймақ басшысы өз құттықтауында.

Оңтүстікте жүз Нұрсұлтан "Нұрсұлтан ата" әнін орындады

Іс-шара аясында «Астанаға арнау» поэтикалық композициясы оқылып, сахнаға Нұрсұлтан есімді 100 бала шығып, «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Сондай-ақ, думан соңы еліміздің эстарада жұлдыздарының әсем әніне ұласты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР