Оңтүстікте жыл басынан бері 320 сәби шетінеген

352
Сейітжамал Пакеев

Облыста жыл басынан бері 320 сәби қайтыс болған. Ал ана өліміне байланысты 8 жағдай тіркелген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Сейітжамал Пакеев баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шалғай аудандарда орын алған. Мамандар мұның себебін кадр тапшылығымен байланыстырады. Сейітжамал Пакеевтің айтуынша, ауылды жердегі дәрігер тапшылығының салдарынан күніне екі-үш рет облыс орталығынан санавиациялық қызметпен мамандар жіберіледі.

Сейітжамал Пакеев

Сейітжамал Пакеев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Былтырмен салыстырғанда бала өлімі 26 жағдайға азайды. Дегенмен ана өліміне байланысты жағдай тұрақсыз. Санавиация қызметімен жағдайы ауыр жүкті әйелдерге көмек көрсету мақсатында жоғары білікті мамандарды аудандарға күнделікті жіберуге мәжбүрміз.»