Оңтүстікте жыл сайын мың адам зейнетке шығады

Зейнетақы жүйесін жаңғырту кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ал әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру 2018-2027 жыл аралығында жүреді. Жыл сайын алты ай қосылып, зейнетке шығу жасы ұлғая түседі.

Орталық комуникациялар орталығында өткен брифингте «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті директорының орынбасары бірыңғай зейнетақы қорындағы қаржы екі жылдан кейін зейнетақыға қосымша құн ретінде төленеді деп мәлімдеді. Ал оны мерзімінен бұрын алу ұсынысы әлі талқыланып жатыр.

"Оңтүстік Рабат" газетіне жазылған алғашқы зейнеткер

Қазіргі таңда зейнетақы қорындағы қаржыны мерзімінен бұрын алу қызу талқылануда. Шетелдің тәжірибесін өзімізге енгізуді ұсынған ұлттық банк басшысы қарашаның көңілін күпті еткен. Содан болар, осы мәселе төңірегінде сұрау басым. Алайда, жауаптылар қордағы қаржы 2018 жылы зейнетақыға қосымша құн ретінде беріледі деп салды. Оған дейін жасы келген зейнеткерлер жинақтағы теңгесін заңмен шектелген мөлшерде бөліп ала алады.

vlcsnap-2016-07-20-15h38m05s97 Несібелі Қаражанова, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы департаменті» директорының орынбасары: «Қолданыстағы заңға сәйкес жасы 63 және 58-ге толғандарға ғана төленеді. Одан бөлек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап қордағы қаржыны бір жолға алу жойылады. Ол ары қарай зейнетақы жинақтау қорымен шарт жасасып, өздеріне үшінші тараптан төлем болып отырады. Ал оған дейін зейнет жасына жеткендер қаржыны бөліп алады. Мысалы сіздің қорыңызда 1 миллион 200 мың теңге болса, бірінші жылы 820 мыңын, ал келер жылы қалғанын аласыз».

Айта өтейік, Оңтүстікте 220 мыңға жуық зейнеткер бар. Өңірдегі ең төменгі зейнетақы 25 824 теңге, ал жоғары жалақымен зейнетке шыққандар 66-67 мың теңге алады. Жыл сайын мыңға жуық азамат құрметті еңбек демалысына шығады. Олардың зейнетақысы жаңа жүйемен есептеледі. Сондай-ақ, биылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі үшін төлем қайта есептеліп, үлесі артқан.

Несібелі Қаражанова, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы департаменті» директорының орынбасары:» 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы жинақтарының көбеюін қамтамасыз ету мақсатында жаңа заңнамалар күшіне енгізілді. Жұмыс істейтін әйелдер үшін 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыста болған уақыт кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидияланады. Зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтардың пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізіледі».

Сонымен бірге әлеуметтік мекемелерде тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақы төлемі өзгерді. Өзгерістерге сай, қарттар үйіндегі жалғызізілікті жан зейнетақасының тек 30 пайызын ғана өзі алып отыр. Қалғаны мекеменің еншісіне аударылады.

Ал зейнеткерлікке шығу құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясында қабылданады. Құрамына бес бірдей мекемені меншіктеген акционерлік қоғам «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарында отырады. Мұнда, сонымен бірге, түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдей аласыз.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР