«Оңтүстік цирк» – халықаралық фестивальдің күміс жүлдегері

417

«Оңтүстік цирк» ұжымы «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде күміc жүлдеге ие болды. Дәстүрлі фестивальге әлемнің сегіз мемлекетік қатысты. Цирк жанры бойынша өткен сайыста «Арқан» нөмірімен «Оңтүстік цирк» әртiстерi Шавкад, Шухрат Сураншиевтер мен Мадина Халилаева, Абылай Көпбаев өнер көрсеткен болатын.

"Оңтүстік цирк" - халықаралық фестивальдің күміс жүлдегері

Бірнеше күнге созылған өнер фестивалi қорытындысына сәйкес, бас жүлдені Астана циркi бағындырса, бірінші орынды Алматы және Ресей циркi, екінші орынды Шымкент пен Беларуссия әртiстерi, үшінші орынды Голландия және Эфиопия елдері иемденді.

"Оңтүстік цирк" - халықаралық фестивальдің күміс жүлдегері