Оңтүстікте аптап ыстық

519

Оңтүстікте аптап ыстық алқымнан алды. Күннің ыстығында жұрттың басымы көлеңкені жағалап күнелтуде. Дегенмен, ыстық алқымнан алса да күні бойы тірліктерін тындырып алғанды жөн көреді.

vlcsnap-2016-07-13-18h40m34s19

Шіліңгір шілдеде қаладағы су бұрқақтар ғана қарашаның жанына сая сыйлап тұр. Аптап ыстықта жедел-жәрдемді шақыртқандардың саны да артқан. Бір тәулікте қаладағы шұғыл жәрдемге екі мың қоңырау келіп түсуде. Бірақ, мамандар күніне 1500 шақыртуға барып үлгереді. Мұның өзінде екі сағатқа кешігіп барады. Өйткені қызмет көрсететін бригадалар саны аз.

vlcsnap-2016-07-13-18h39m24s70

Разия Қалбайқызы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы: «Күннің ысуынан шақыртулар көбейді. Қан қысымы, іш өту. Бірақ, себепсіз шақыртатындар да көп. Түскен шақыртулар бойынша бірінше кезекте жүкті әйелдерге, апатты жағдайлар мен қайғылы жағдайлар бойынша көмек көрсетеміз.»

Ауа райын болжаушылар аптап ыстық тамыздың ортасына дейін сақталатынын айтып отыр. Таулы аймақтарда бір-екі күн жаңбыр жауғанымен, ауа температурасы 40-43ºС-тан түспейді. Сондықтан күннің ыстығында алыс жолға шықпай, мейлінше сақтанған дұрыс.

Нұрғабыл Қозыбаев, ауа райын болжаушы: «Табиғаттың заңдылығы бойынша жаңбыр жауардың алдында күн қатты ысиды. 15-16 шілде күні таулы аудандарда жаңбыр жауады деп күтілуде. Шілде айының  жиырмаларында күн тағы ысиды.Сондай-ақ тамыз айының бесі, оны, он бесі күндері қатты күн ысиды.»

Ал төтенше жағдай мамандары күннің күрт ысуына байланысты ескерту хабарлама таратып, сақ болуға шақыруда. Өйткені, өңірдің кей жерлерінде өрт қаупі жоғары деп отыр.