Ораза айтында Тассайда мешіт ашылды

377
Ораза айтында Тассайда мешіт ашылды

Оңтүстікте Ораза айтында мешіт ашылды. Бұл жолы Сайрам тұрғын алабы, Тассай ауылының тұрғындарына тарту жасалды. Елдімекеннің 2000-нан астам халқы бұған дейін жамағатпен намаз оқи алмайтын. Мешіттің жоғын ескерген демеушілердің қолдауымен Алла үйі салынып, пайдалануға берілді.

Ораза айтында Тассайда мешіт ашылды

Тассайлықтар үшін азан дауысын есту – көптен бергі арманы. Өйткені, мешіт болмаған. Бес мезгіл намазын қалт жібермейтін Әлішер Төлегенов бұған дейін жамағатпен құлшылық жасау мұң болғанын жасырмайды. Ұлыстың ұлы күнінде жаңа мешіт ашылып, Тәңір сыйына тап болғанына тәубе етеді.

Әлішер Төлегенов, Тассай елдімекенінің тұрғыны: «Машинасы барлар басқа жердегі мешітке барады. Мүмкіндігі жоқ қарттар қиналады.»

«Нұр Тассай» мешіті 700 адамға арналған. Құлшылық үйі –  2 қабатты. Мұнда жамағатқа барлық жағдай жасалған. Мешітті өз қаражатына тұрғызған Қалдарбек Есіркепұлы халық үшін игі іс жасау әрбір қалталы азаматтың парызы деп біледі.

Ораза айты мерекесінде пайдаланылуға берілген мешіт тассайлық ағайынды қуанышқа бөлеп отыр. Ал шариғат бойынша мешіт салдырған жанға тоқтаусыз сауаптар жазылады екен.

Асқар Сәтпаев