//
Ордабасыда мал ұрлығына әуес жастар ұсталуда Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Ордабасыда мал ұрлығына әуес жастар ұсталуда

Ордабасы ауданында мал ұрлығына әуес жастар ұсталуда. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдымен мал ұрлығымен айналысқан екі жігіт ұсталды. Маусым айында Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне 21 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келіп, Төрткөл-Шәуілдір тасжолының бойындағы жайлаудан құны 300 000 мың теңге тұратын үш сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтады.

Ордабасыда мал ұрлығына әуес жастар ұсталуда

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіруі нәтижесінде 21 және 18 жасар екі жігіт ұсталды. Тергеу барысында күдіктілердің жыл басынан бергі 8 мал ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Олар иелерінің жоғын пайдаланып, жайылып жүрген немесе аулада тұрған малды ұрлап жүріпті. “Олжаларын” облыс көлеміндегі базарларына сатып келген.

Мал иелеріне келген жалпы шығынның көлемі шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.

Мал ұрлығына қатысты тағы екі жігіт шілде айында қолға түсті. 3 шілде күні 45 жастағы жергілікті тұрғын полицияға арызданып келіп, жайылып жүрген жалғыз сиырынан айрылып қалғанын айтады. Иесі үй мүйізді қарасын 150 мың теңге тұрады деп отын. Дәл сол күні полицейлерге келген 42 жастағы тағы бір тұрғын да бағасы 60 мың теңге тұратын бұзауының ұрлағанын айтады.

Ордабасы АІІБ-де жедел тергеу тобы құрылып, іздеу барысында 25 және 24 жастағы екі жігіт ұсталды. Олардың жыл басынан бері болған 10 мал ұрлығына қатысы бар екенін тергеушілер анықтап отыр. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгені құрайды.

Аталған жайттар бойынша қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz