//
Партия өкілдері Арыс пен Ордабасыға барып қайтты Жаңалықтар 

Партия өкілдері Арыс пен Ордабасыға барып қайтты

“Нұр Отан” партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша партиялық бақылау комиссиясы жергілікті тұрғындардың ауызсуға қатысты көтерген мәселесінің мән-жайын анықтау үшін Ордабасы ауданы мен Арысқа барып қайтты. Арыздағы фактілер расталды. Өзеннің суын өндірісте кеңінен қолданып, оны қайта ағызып, Арыстың суын ластаған жер қойнауын пайдаланушылар енді заң алдында жауап береді.

Партия өкілдері Арыс пен Ордабасыға барып қайтты

Өңірдің партиялық бақылау комиссиясының басшылығы мен мүшелері Ордабасы ауданындағы жер қойнауын пайдаланушылардың заңсыз әрекетін көзбен көрді. Әдетте жолдан зуылдап өте шыққанда байқала бермейтін тірліктер жетіп жатыр. Ең сорақысы, жергілікті кәсіпкер Арыс өзенінің арнасын өз бетінше бұрып, оны өндірісте емін-еркін пайдалануда. Ол аздай өндіріс қалдықтары өзенге ағып, Арыстың суы ластанып жатыр.

Аққан лай суды Арыс қаласындағы су тазартқыш мекемесі пайдаланады. Өзеннің бұрынғы жайы мен қазіргі ахуалын жақсы білетін Әнипа Қонысов табиғатты пайдаланушылардың әрекетіне наразы. Осында 30 жыл бойы қызмет еткен ол барлығын адам баласы өз қолымен құртып жатқанына ашынады.

Арыс өзенінің лайланған суын тазарту осындағы су айдағыш, сүзгіш, тұнықтыру цехтарының жұмысына үлкен салмақ. Мекеме басшысы өзеннің суын ластап жатқан жер қойнауын пайдаланушыларға шұғыл шара көрілмесе, жұртты ауыз сумен қамту тіпті қиындайды дейді.

Қоршаған ортаға зиян келтіріп, Арыс өзенінің арнасын өз бетінше бұрып, өндіріске пайдаланғандар заң алдында жауап беруі тиіс. Арыс халқының партиялық бақылау комиссиясына ауызсуға қатысты арызды негізге алынып, қатаң шара көру тапсырылды.

Партиялық бақылау комиссиясынан бөлек бұл мәселеге қатысты құжаттарды табиғат қорғаушылар да прокуратураға жібермек.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz