«Петро Қазақстан Ойл продакс» компаниясы байқау жариялады

«Петро Қазақстан Ойл продакс» компаниясының басшылығы «Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша үздік тәжірибе -2016» байқауын жариялады. Оған Оңтүстікте жұмыс істейтін кәсіпорындар қатыса алады. Арнайы жиын өткізіп, байқаудың шарттары бойынша түсініктеме берген ұжым белсенділері осылайша өзгелерге үлгі болуды көздейді.

"Петро Қазақстан Ойл продакс" компаниясы байқау жариялады

Еңбек қауіпсіздігін арттырып, көрсеткіштерді жақсарту және апатсыз жұмыс жүргізу — «Петро Қазақстан Ойл Продакс» компаниясының негізгі бағыты. Өздеріндегі мол тәжірибені өзгелермен бөлісу үшін «Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша үздік тәжірибе -2016» байқауын ұйымдастырып отыр. Өндіріс орнының басшылығы облыстағы кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақырып, байқауға қатысуға кеңес береді.

Еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақыратын дода аясында озық тәжірибелерді талдау және тарату, ең үздік тәжірибелерді насихаттау көзделген. Бүгінде байқауға қатысуға 38 компаниядан өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау тамыздың 20-на дейін жалғасады. Байқауға ұсынылған озық тәжірибелер өндірісте 1 тамызға дейін енгізілуі шарт.

Байқау қыркүйекте қорытындыланып, шарттарды толық орындаған жеңімпаз кәсіпорындар бағалы сыйлықпен марапатталады. «Петро Қазақстан Ойл продакс» ком­паниясы өндіріс барысында еңбек қауіпсіздігін міндетке алған кәсіпорындарды осылайша ынталадыруды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР