Прокуратура есігі балалар үшін айқара ашық

балаларПрокуратура есігі балалар үшін айқара ашық. Әдетте ересектердің өзі оңай кіріп-шыға алмайтын ғимаратты қадағалау органы қызметкерлерінің балалары аралап көруге мүкіндік алды. Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында өткен бұл шара биыл алғаш рет қолға алынып отыр.

Бұл күні 7 мен 16 жас аралығындағы 40 жеткіншек алдымен таңертең ерте кетіп, үйге кеш оралатын ата-аналарының қызмет кабинетіне бас сұқты. Қарбалас жұмыстың үстінен түссе де прокурор мырзалар бұл күні балаларына көңіл бөлуге уақыт тапты.

12 жасар Әмина Әбуова болашақта прокурор болғысы келеді. Әке жолын қуамын деп құлшынған жасөспірім қыз оқалы киім киюдің өзін мәртебе санайды. Мұражайдағы тарихи жәдігерлер танымымызды арттырды, құнды құжаттардан қадағалау органының тарихын танып білдік дейді оқушы қыз.

Қызықты дүниелерге толы мұражай шынында барлық келушілер үшін әсерлі болды. Тарихи құжаттар мен көне суреттерді тамашалаған балаларды, әсіресе, қадағалау органы қызметкерлерінің спорттағы жеңістері тәнті етті. Сондай-ақ, сұрапыл соғыс жылдары прокурорлардың тұтынған заттары мен тарих қатпарынан сыр шертетін жәдігерлер де кішкентай қонақтардың қызығушылығын арттырды.

Жедел шақырылымдарға шығатын қызмет көлігі те балалалардың көңілін аулады. Әсерлі ашық есік күнінен естелік қалу үшін жас достар суретке түсуді де ұмытпады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР