Рио Олимпиадасына Оңтүстіктен 21 спортшы барады

ОҚО-дан Рио Олимпиадасына 21 спортшы қатысады. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы хабарлады.

Рио Олимпиадасына Оңтүстіктен 21 спортшы барады

Әлібек Нұртаевтың айтуынша, төрт жылда бір келетін Олимпиада ойындарында спортшыларымыз оқ ату, бокс, байдарка және каноэда есу, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, дзюдо, батутта секіру, стенд ату, садақ ату, көркем гимнастика мен жүзу сынды спорттың түрлерінен елдің намысын қорғайтын болады. Бұл спорттық жарысқа қатысуға елімізден 103 спортшы жолдама жеңіп алған болса, оның 5/1 бөлігі оңтүстікқазақстандық спортшылардың еншісінде.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына Қазақстанның бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен боксшылар Біржан Жақыпов және Қайрат Ералиев қатысты. Брифингте сөз алған М.Айтжанов спортшыларымыздың жаттығуына барлық жағдай жасалғанын айтып, бүгінде боксшыларымыз өз бабында екенін жеткізді.

Қазіргі таңда облысымыздың ең таңдаулы деген спортшылары Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алып отыр. Жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне сенім білдірген басқарма басшысы, барлық спортшыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР