С.Тұяқбаев: «ОҚО-да шаруалар үшін арзандатылған жанар-жағармай жеткілікті»

ОҚО-да шаруалар үшін арзандатылған жанар-жағармай мөлшері жеткілікті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

С.Тұяқбаев: "ОҚО-да шаруалар үшін арзандатылған жанар-жағармай жеткілікті"

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда облыста шілде айына бөлінген 13 мың тонна жанар-жағармайдың 3,2 мың тоннасы толық таратылып берілсе, қалған 8,3 мың тоннасына қаражат төленіп, сұйық отын барлық аудандардың ауылдарындағы қоймаларға жеткізілген. Ал жанармай алғысы келген кез келген шаруа алдымен өз ауданындағы әкімдікке барып талон алып, жерінің көлеміне сәйкес қажет отынды ала алады.

— Қазіргі таңда бұрынғы жүйе жаңарып, шаруалар жаңадан қалыптасқан жүйе бойынша жанар-жағармай алуда. Бізде бұл жұмыстарға қосымша, облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірлесу арқылы, облыстық жанар-жағармай қауымдастығымен және облыстық кәсіпкерлік палатасымен арнайы мониторинг жүргізіліп жатыр. Егер қандай да бір олқылық орын алған жағдайда арнайы құрылған жұмысшы тобымен тиісті шаралар қабылдайтын боламыз, — деді С.Тұяқбаев.

Еске салайық, биыл ауыл шаруашылы саласының орақ ору науқанын жүргізу үшін үкіметтен 39 мың тонна жанар-жағармай бөлінген болатын. Оның 13 мың тоннасы шілде айына бөлінсе, 12 мың тоннасы тамыз айы үшін қаралған. Ал 14 мың тонна сұйық отынды қыркүйек айында тарату жоспарланған.

Баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары бұл салада өңір бойынша 17 оператордың бар екенін хабарлады. Әр ауданда бір оператордан болса, Мақтаарал мен Сарыағаш аудандарында екі оператордан бар. Арзандатылған жанар-жағармайлар облыстағы 56 жанармай бекеті бойынша таратылуда. Егер шаруа сұйық отынды қоймадан алатын болса 83 теңгеден, ал жанармай бекетінен алса 85 теңге ала алады. Ал жалпы дизельді отынның нарықтағы бағасы — 99 теңге.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР