//
Салықшылар электронды құжаттарды кеңінен пайдалануда Жаңалықтар 

Салықшылар электронды құжаттарды кеңінен пайдалануда

Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына және Кедендік Одаққа мүше болғаны салық айналымында да үлкен міндеттер жүктейді. Халықаралық талаптарға сәйкес, келісім негізіндегі барлық талаптар орындалуы тиіс. Ол шекарадан өткізілетін тауарларға да қатысты. Электрондық есеп фактурасы мен декларациялауға жататын тауарларды жіктеп, кедендік рәсімдеудің қыр-сырын түсіндіру жалғасып жатыр. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кезекті рет семинар өткізіп, осы талаптарды талқылады.

Салықшылар электронды құжаттарды кеңінен пайдалануда

Электронды есеп-шот фактурасы 2014 жылдан бері қолданыста. Осыған орай, салық кодексіне өзгертулер енгізілген болатын. Оған қоса құжат айналымының тәртібі мен электронды түрде жазылып берілетін есеп-шот фактурасының формасы да бекітілген. Электронды есеп-шот фактурасы жалған кәсіпкерлердің мәмілелерін жедел әрі ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Электронды есеп-шот фактураларының бірқатар басымдықтары бар. Атап айтқанда, қағаз есеп-шоттар жазу шығыны қысқарады, салық органдарына есеп-шот фактурасының тізбесін ұсыну жойылады, экспорттаушыларға қосылған құн салығын қайтару процедурасы жеңілдетіледі.

Кедендік Одаққа мүше бес елдің арасындағы келісім-шартқа сәйкес, электронды есеп-шот фактуралары мен декларациялауды қолдану заңсыз әрекеттерге тосқауыл қоюға, әсіресе, контрабандалық тауарлардың айналымын азайтуға әсерін тигізеді дейді сала мамандары.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz