Шардараның дәрігері бала сүндеттеуге патент алды

Оңтүстіктегі Шардара ауданының дәрігер бала сүндеттеуді патенттеп алды. Бұл туралы «Замана» газеті жазады. Басылым тілшілері мұсылмандық борыштың патентін алған Әзірет Ерназаров есімді азаматпен тілдесіп қайтты.

— Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі бала сүндеттеуі осы күнге дейін патенттелмепті, – дейді Ә.Ерназаров. – Соны жуырда ұлым Әділет Ерназаровқа заңдастырып бердім. Ол үшін ұлым Израильге барып, біліктілігін арттырып келді. Бала сүндеттеуді Әділеттің атына заңдастыру арқылы қазақтың бұл дәстүрін басқалардың иемденуіне жол бермедік деп ойлаймын. Ол үшін біз ешкімнен ештеңе алмаймыз. Тек бұдан былайғы уақытта медицинада бала сүндеттеу Әділет Ерназаровтың тәсілі деп аталады. Бұл әдіс медицинада бұрыннан бар.»

Шардараның дәрігері сүндеттеуге патент алды

Израильде де балаларды біздегідей сүндеттейді екен. Бір ерекшелігі, олар мұны сәби дүниеге келген соң үш күннің ішінде жасайды. Бала жыламас үшін емізікті шарапқа батырып емізіп, шақалақты ұйықтатып тастайды екен.

Мен Семей медициналық институтын 1976 жылы бітірдім. Бүгінде орталық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып жүрмін. Сол 40-жылдан бері жылына орта есеппен 100 баладан сүндеттегенде осы кезге дейін кемінде 4000 мың баланың сауабын алған шығармын. Солардың біреуінің ата-анасына ақша бер демеппін. Соған қарамастан сынға да іліккен кезім жоқ емес.

Шариғатта бала сүндеттейтін адам ақша бермесең жасамаймын деп, өз жұмысынан бас тартуына немесе баланың ата-анасының ақшам жоқ деуіне болмайды. Бұл – мұсылмандыққа жат. Бала сүндеттеу – сауап үшін істелетін жұмыс. Сондықтан мен осы кезге дейін ешкімнен ештеңе сұраған емеспін.

Ал соңғы бес-алты жылда мешітте көп балалы, жағдайы төмен отбасылардың балаларын тегін сүндеттеп жүрмін. Ауданымыздың бас имамы Асылхан қажы Данияров бір күнге барлығын жинайды. Мен барып, бір күнде 150-ге дейін бала сүндеттеген кезім болды. Ол балалар сол сәтте жүріп кетеді. Тіпті үйлеріне велосипедімен қайтқандары да бар. Тек сүндеттелгеннен кейін су мен топырақ тигізбесе болғаны.

Шардараның дәрігері сүндеттеуге патент алды

Бүгінде заман да, медицина да дамып келеді. Сол секілді бала сүндеттеудің тәсілдері де жаңаруда. Бұрын новокаин егіп жасайтынбыз. Одан кейін дәке орадық. Тамырларын байлап әлекке түскендер де болды. Бүгінде жұртшылық лазермен кесу деп атап кеткен күйдіру әдісімен жасап жүрміз. Бұдан еш қан шықпайды, бала да ауырғанды сезбейді.

Бір жылдары Шымкентте СПИД көбейіп, ел дүрлікті емес пе? Сол балаларды сүндеттеуге ешқандай хирургтің де, молданың да қолы бармады. Себебі олардан шыққан қан денеге тисе, қанша сақтық шарасын жасағаныңмен, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары болады. Сондықтан ешкім өз өмірін қауіпке тіккісі келмеді. Сол себепті Шымкенттегі «Ана мен бала» сауықтыру орталығына Шардарадан мені алдыртты. Осылай 2011, 2012, 2013 жылдары, қатарынан үш жыл Шымкентке барып, ғасыр дертін жұқтырған балаларды сүндеттедім.

Қысқасы, шардаралық ел ағасы бүгінде бала сүндеттеудің қыр-сырын жетік меңгергендіктен, ол кісіні Шымкентке де шақыратындар бар екен. Тіпті облыс басшыларының балаларын да сүндеттепті.

Р.Шалқар

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР