Шекара бойындағы үйлер көшіріледі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалымен Сарыағаштағы Достық елдімекеніндегі шекара бойында 100 метр жерде орналасқан үйлер бойынша шұғыл жиналыс өтті. Мәжілісте 2005 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара демаркацияланып, шекара сызығы анықталғаннан кейін сонда қалып қойған Достық елдімекеніндегі 10 үйдің мәселесі қаралды.

Шекара бойындағы үйлер көшіріледі

Осы 10 отбасыны көшіру мақсатында Достық ауылына баратын Абай-Калхабад тасжолының екі жақ бетінен 80 га жерді беру үшін Достық елдімекенінің оңтайландырылған жоспары жасалып отыр. Сол он үйдің тұрғындары мүлікті заңдастыруда және басқа жаққа көшуде мемлекеттен өтемақы алуға өтініш жасап отыр. Мұны облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сол елдімекеннің тұрғындарымен кездесіп қайтқан облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев жеткізді.

Шекара бойындағы үйлер көшіріледі

Облыс әкімінің орынбасары бұл аумаққа мемлекет есебінен газ, су тарту экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан, бүгінге дейін ауыл тұрғындары көгілдір отынсыз отырғанын, ауыз суды 3 шақырым жердегі Ұшқын елдімекенінен тасымалдап ішіп келетінін айтты.

Бейбіт Бәкірұлы бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құруды және ауыл тұрғындары басқа жерге көшкенше ауыз сумен, сығымдалған газбен қамтамасыз етуді тапсырды. Ал аудан әкімдігіне тез арада осы үйлерді түгендеп, мүлікті заңдастыруға көмектесу тапсырылды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР