Шымкент — Қазақстандағы веложоба орнатылған екінші қала

Шымкент — Қазақстанда автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан Астанадан кейінгі екінші қала. Осылайша Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.

«Shymkent Bike» жобасының алғашқы станциялары қаланың орталық көшелерінде ашылды. Жалпы, болашақта 200 велосипедке шақталған 40 велостанция ашу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде көшедегі көлік саны азайып, экологиялық ахуал да жақсарады дейді жауапты мамандар. Бұл жүйе күн көзінен қуат алып, паркинг желісінің терминалымен жабдықталады.

Шымкент - Қазақстандағы веложоба орнатылған екінші қала

«Shymkent Bike» жобасы қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытумен қатар мегаполис тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануға да сеп болады. Велосипедті жалға алудың автоматты желісін іске қосу қаладағы велотуризмнің дамуын жаңа сатыға көтереді.

Жалға берілетін велосипедтер авиа өндірісінде қолданылатын хромдалған болаттан жасалған. Екі дөңгелекті құрал ұрыларға мүлде тиімсіз — әр бөлшегі өзгеше жасалған және өзге велосипедтерге салуға келмейді.

Шымкенттегі ауа райын ескерген идея авторлары бұл Shymkent bike жобасы жыл бойы қала тұрғындарының игілігіне жарайды деп сенеді. Айта кетейік, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлеріне қосымша 40 велокарта беріледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР