//
Шымкент әкімі зоосаябақты аралады Жаңалықтар 

Шымкент әкімі зоосаябақты аралады

Шымкент қаласының әкімі зоосаябақты аралады. Ғабидулла Әбдірахымов зоосаябақтың бүгінгі таңдағы жағдайы жайлы көшпелі жиналыс өткізді.

Шымкент әкімі зоосаябақты аралады

Шаһар басшысы жануарлар мен жалпы зоосаябақтың жағдайын көрді. Жауапты қызмет өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Олардың арасында қала тұрғындары үшін маңызы зор бұл аумақты абаттандыру, ағаш егу, саябақтағы көк шөп егілген алаңды көбейту, ішкі жолдарды ретке келтіру сияқты міндеттер бар.

Шымкент әкімі зоосаябақты аралады

Айта кету керек, соңғы уақытта қала тұрғындары тарапынан зоосаябақтың және ондағы кейбір жануарларды асырау деңгейінің төмендігіне байланысты шағымдар жиілеп кетті. Осы орайда Ғабидолла Әбдірахымов зоосаябақ қала тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін, шаһарымыздың мақтан тұтарлық жерлерінің бірі болуы тиіс деп, нақты тапсырма берді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz