//
Shymkent bike жобасының алғашқы станциясы 9 шілдеде ашылады Жаңалықтар 

Shymkent bike жобасының алғашқы станциясы 9 шілдеде ашылады

Shymkent bike жобасының бірінші станциясы 9 шілде күні ашылады. Осыған орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов əкімдік мүшелерімен бірге қала көшелерінде веложол жүйесін енгізу жұмыстарын тексеру үшін қорытынды велосеруенге шықты.

Shymkent bike жобасының алғашқы станциясы 9 шілдеде ашылады

Алғашқы велостанция 9 шілде Әл Фараби алаңында ашылады. Онда азаматтар велосипед пайдалану үшін арнайы карта сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Shymkent bike жобасының алғашқы станциясы 9 шілдеде ашылады

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жылдық картаның төлемақысы – 11 500 теңге. Оның ішінде 10 000 теңге – жол жүру құны, 1000 теңге (тек бірінші кезде) тікелей картаның өзіне, ал 500 теңге пайдаланушы балансы болып есептеледі. Төлем картасын сатып алған жағдайда арнайы PIN-код беріледі.

Shymkent bike жобасының алғашқы станциясы 9 шілдеде ашылады

Қазақстан бойынша бұл жоба Шымкентте Астанадан кейін екінші болып енгізілуде. Егер тұрғындар Астанада маусымына 6 ай қолдана алса, Шымкентте 1 жыл қолдану мүмкіндігіне ие. Сондықтан бағасы қымбатырақ дейді жауаптылар.

Shymkent bike жобасының алғашқы станциясы 9 шілдеде ашылады

Тұрғындарға түсінікті болуы үшін велосипедте анықтама қызметі жапсырылған. Әуелі картаны бекітіп, кодын енгізсеңіз, велосипед автоматты түрде ажыратылып, мінуге дайын болады. Айта кету керек, іске қосылған соң велосипедті жарты сағат тегін мінуге болады. Әр велосипедке борттық компьютер, себет пен заттар орнатылған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz