//
"Шымкент-Сити" құрылысына америкалықтар көмектеседі Жаңалықтар 

“Шымкент-Сити” құрылысына америкалықтар көмектеседі

Ірі америкалық компания “Шымкент-Сити” құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және “АЕСОМ” компаниясының аймақтағы директоры Марина Костанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

"Шымкент-Сити" құрылысына америкалықтар көмектеседі

Екі тарап қалада салынып жатқан “Шымкент-Сити” ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті. Айта кету керек, “АЕСОМ” – сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорациялары арасындағы Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

“АЕСОМ” жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-Ситиді» атап өтуге болады. Қазақстан – “АЕСОМ” компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz