«Шымкент-сыра» зауытына – 40 жыл

371

Тек Қазақстанға ғана емес, сырт елдерге де кеңінен танымал «Шымкент-сыра» зауытының ұжымы 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Кәсіпорын мерейтойы Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Осыған орай сыра зауытында ерекше мейрам – барлық қызметкерлерге арнап отбасы күні мерекесі ұйымдастырылды. Кәсіпорын әкімшілігі қаламыздағы демалыс орындарының бірін тұтас жалға алып, өз жұмысшылары мен олардың отбасына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

"Шымкент-сыра" зауытына - 40 жыл

«Шымкент-сыра» зауытының жұмысшылары бұған дейін қашан осылай тойлағандарын естеріне түсіре алмайды. Өйткені, зауыт ашылғалы бері кәсіпорын қызметкерлері үшін мұндай мереке ұйымдастырылмаған деседі. Ал бүгін зауыт жұмысшыларының отбасы түгелімен ең үздік демалыс аймақтарының біріне жиналды. Көңілді әуен, суы тұп-тұнық балалар мен ересектер бассейніндегі шат-шадыман күлкі, көңілді аниматорлар мен түрлі дәмге толы дастархан келушілердің бәріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Шымкент-сыра» зауытында отбасы күнін тойлау кәсіпорындағы оңтайландыру жұмыстарын жүргізгеннен кейін мүмкін болып отыр. Зауыттың бұрынғы басшылығы бюджет, жеткізушілер мен әріптестері алдында жүздеген миллион қарызға батып, көптеген ай бойына жұмысшыларына жалақы төлей алмаған. Басшылық ауысқаннан кейін зауыттағы негізгі өнім шығаруға қатысы жоқ бірқатар құрылымдарды қысқартты. Зауыттың штат кестесіне өзгерістер енгізілді. Осыдан кейін тек айтарлықтай үнем жасалып, жұмысшылардың айлығын көтеруге, қарыздарды жабуға, әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді шешуге мүмкін болыпты.

Надежда Орт, «Дархан Group» ЖШС кадр және еңбек қатынастарын басқару бөлімінің басшысы: «Мұндай мейрам бізде алғаш рет болып отыр. «Дархан групп» басшылығы адамдарға мейлінше ыңғайлы жағдай жасау үшін олардың демалысын ұйымдастырды. Осылайша жан тыныштығын сезінуіне тырыстық. Ұжым үшін және оның жемісті еңбек етуі үшін әрбір адамның маңызды екенін көрсеткіміз келді. Биыл – «Шымкентсыраның» 40 жылдығы. Осы мерейтойға орай жұмысшыларға сыйақы берілді. Қазір мұнда байқаулар ұйымдастырылып жатыр. Оған әркім қатыса алады.»

Нұрғали Досанбаев, «Дархан Group» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы: «Сыра зауытының және «Дархан Groupтың» жұмысшылары төккен тер, еткен еңбегімен мұндай демалысқа әбден лайықты. Осындай сауық-сейілді балалар үшін ұйымдастырғанда қуанасың. Қазір біздің бар ойлағанымыз – отбасына, ересектер мен балаларға арнап жақсы демалыс ұйымдастыру.»

Балалар мен ересектерге арналған көңілді байқаулар мен сайыстар қас қарайғанша жалғасты. Бір күн бойына өткізілген тамаша мереке зауыт жұмысшыларының отбасын марапаттаумен аяқталды.