Шымкент тұрғыны 3 келі есірткімен ұсталды

Шымкенттің тәртіп сақшылары 3 келі есірткі алып жүрген қала тұрғынын қолға түсірді. Күдіктіні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ынтымақ ауылы аумағында ұстаған.

Шымкент тұрғыны 3 келі есірткімен ұсталды

Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер 38 жастағы азаматтан бір қап өсімдік тектес есірткі затын тәркіледі.
Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысына сай, табылған есірткі затының жалпы салмағы 3 келіден астам марихуана екені анықталды.

Шымкент тұрғыны 3 келі есірткімен ұсталды

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 296-бабымен (есірткі, псхотроптық заттармен, сол текстестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент тұрғыны 3 келі есірткімен ұсталды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР