Шымкент жолдары жаңаруда

773
Шымкент жолдары жаңаруда

Шымкенттің 98 көшесінде орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Тәуке хан мен Қонаев даңғылдарының қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі салынып, Темірлан тасжолы мен Алматы-Ташкент автожолы қиылысындағы жол-көлік өткелі жөнделуде.

Шымкент жолдары жаңаруда

Жалпы қала ішіндегі 90 көшені күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Өткен жылы қайта құру жұмыстары басталған 7 көше және Қапал батыр көшесіндегі теміржол үстіндегі өткел, Темірлан тас жолы мен Мангельдин көшелері қиылысында жер үстіне салынатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын жалғастыруға сметалық құжаттар әзірленген.

Шымкент жолдары жаңаруда

Шаһардағы 3 шағынауданның 13 көшесінде қайта құру жұмыстарын аяқтауға, 14 шағынауданның 59 көшесінде асфальттау жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Кала әкімдігінің тиісті салалық бөлімдері тарапынан маңызды 2 магистральды көшені қайта құруға, 11 шағынауданның 48 көшесін қүрделі жөндеуге және Рысқұлов көшесіндегі Самал базары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

Шымкент жолдары жаңаруда