//
Шымкентте қалалық мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті Жаңалықтар 

Шымкентте қалалық мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті

Шымкентте қалалық мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өнер және мәдениет саласының өкілдерімен кездесті.

Алқалы жиында Ə.Марғұлан атындағы археология институтының директоры, археолог Бауыржан Байтанаев Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы туралы баяндама жасады.

Шымкентте қалалық мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті

Археолог өз сөзінде көне Шымкент қалашығына қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта келе жергілікті әкімдіктің қаржылық қолдауымен алдағы уақытта да бұл тақырыпты тереңдетіп зерттеу керегін айтып өтті.

Шымкентте қалалық мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті

Көпшілік пікірін тыңдаған шаһар басшысы тікелей Шымқала тарихына қатысты шаруаға барынша қолдау көрсететінін, алдағы уақытта Әлкей Марғұлан атындағы археология институтымен бірлесіп, өскелең ұрпаққа қала тарихы туралы тың ақпарат беруге дайын екенін жеткізді.

Шымкентте қалалық мәдени кеңестің алғашқы отырысы өтті

Еске салар болсақ, өткен жылдың қараша айында облыстық Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрында шаһарымыздың зиялы қауым өкілдерімен кездескен қала әкімі жуық арада өзінің төрағалығымен мәдениет және өнер саласының кеңесін құратынын айтқан еді. Бұл кеңес әр тоқсан сайын дөңгелек үстел басында жиналып, маңызды мәселелерді кеңесуі тиіс болатын. Бұл жолғы жиын – әкім тапсырмасымен құрылған мәдени кеңестің алғашқы отырысы.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz