Шымкентте Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді

Оңтүстікте алғаш рет Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазады.

Таяуда облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Оған Қазақстан футбол федерациясының өкілдері мен облыстық басқармалар және департамент басшылары қатысты. Жиында жауапты мамандар Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық футбол турниріне ( U17 ) дайындықты талқылады.

Шымкентте Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді

Облыс әкімінің орынбасары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттық жарыстың өз деңгейінде өткізілуі өңір басшысының жіті бақылауында екенін айтты.

Сонымен, 7-13 тамыз аралығында өтетін халықаралық турнирге 8 команда қатысатын болады. Турнирде Қазақстаннан екі команда және Иран, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Албания мен Тәжікстаннан бір-бір командадан келеді деп күтілуде.

Еске салайық, ел Президентінің кубогі үшін соңғы тоғыз жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыс бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылып келеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР