Шымкентте «Ұлы дала кілемдері» атты кілемдер көрмесі өтті

«Ұлы дала кілемдері» Шымкенттен шығады. Көрме орталығында жергілікті «Бал Текстиль» фабрикасының кілемдер көрмесі өтті. Жылына 5 млн шаршы метрге жуық өнім өндіретін тоқыма фабрикасы келушілердің көңілін қазақи нақыштағы кілемдерімен жаулап алды.

Шымкентте "Ұлы дала кілемдері" атты кілемдер көрмесі өтті

Отандық өнім іздегендер бұл күні көрме орталығына жиналды. Мұнда жергілікті тоқыма фабрикалары ұсынған мыңнан аса түрлі үлгідегі кілем мен кілем бұйымдары қойылған. Келушілер, әсіресе, қазақи ою-өрнектермен көмкерілген кілемдерге қызығушылық танытты. Солардың бірі — Нәзима Мырзахметова. Қала тұрғыны көрмеге келіп, көз жауын алатын отандық өнімді ойланбастан сатып алды. Осылай қызының жасауын жергілікті тауармен толықтырған қала тұрғыны сапасы мен бағасы бірдей көңілінен шыққанын айтады.

Нәзима Мырзахметова, қала тұрғыны: «Жергілікті өнімдерді, әсіресе, кілемдерді сатып ала бермейтініміз бар. Бірақ осы жолы көрме болатынын естіп, арнайы келдік. Қызыммен ақылдасып, біреуін сатып алдым. Оны ұзатылғалы отырған қызымның жасауына қосамын. Біз сияқты қарапайым халық үшін бағасы да тиімді екен, сапасы да ұнады.»

Шымкентте "Ұлы дала кілемдері" атты кілемдер көрмесі өтті

Осыдан 13 жыл бұрын өз жұмысын бастаған «Бал текстиль» фабрикасы жыл сайын 5 млн шаршы метрге дейін өнім шығарады. Арнайы заманауи бельгиялық технологияның көмегімен өндірілетін тауарлардың сапасын тұтынушылар жоғары бағалап үлгерген. Сондықтан болар, кілем бұйымдары тек Қазақстан аумағынан бөлек, одан өзге Ресей мен Қырғызстан, Дағыстан мен Тәжікстанға экспортталуда.

Тағы бір жетістік, кәсіпорын басшылары Швецияның «Икея» жиһаз алпауытымен келісіп-шартқа отырып, АҚШ, Германия, Қытай еліне де өнімдерін шығаруда. Әсіресе жасанды жібектен тоқылған кілемдерді көптеп шығаруды қолға алған ұжымның мақсаты — «Қазақ кілемі» деген брендті қалыптастыру.

Отандық өнімді жергілікті тұрғындарға таныстыруды мақсат тұтқан көрме 9 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде жергілікті кілем бұйымдарын қолжетімді бағада сатып алуға болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР