Шымкентте аса ауыр қылмыс азайды

Шымкентте аса ауыр қылмыс азайды. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының криминалды полиция бөлімі хабарлайды.

Шымкентте аса ауыр қылмыс азайдыТәртіп сақшылары келтірген мәлімет бойынша шаһар аумағында биылғы 6 ай көлемінде былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда аса ауыр қылмыс — 37 пайызға, адам өлімі — 41 пайызға, қарақшылық — 40 пайызға, әйел зорлау — 31 пайызға, бұзақылық — 13 пайызға, пәтер ұрлығы — 7 пайызға, ал мал ұрлығы 15 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бері қалалық құқық қорғау қызметкерлерінің іздестіруі нәтижесінде қала аумағында автокөліктерді заңсыз айдап әкетіп, автокөліктердің салонынан бағалы заттар мен бөлшектерін ұрлаумен айналысып жүрген 19 қылмыстық топ және қалта ұрлығы бойынша 3 топ ұсталды. Қазіргі таңда олардың кінәсі дәлелденіп, қылмысты істер сотқа жолданды дейді полиция өкілдері.

Сонымен қатар қаладағы «Автонұр», «Қырғы базар», «Самал» базарларында қалта ұрлығына байланысты полиция құрылымдары тарапынан қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында рейд ұйымдастырылуда.

Полиция қызметкерлерінің тағы бір жаңалығы, ішкі істер министрлігі және Қазақстандағы ұялы байланыс операторларымен арадағы жасалған келісім-шартқа орай ұрланған ұялы телефондарға арнайы арызбен бұғат қойылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР