Шымкентте тағы бір индустриалды аймақ бой көтереді

377
Шымкентте тағы бір индустриалды аймақ бой көтереді

Шымкентте тағы бір индустриалды аймақ бой көтереді. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Тассай» өндіріс ошағы жиһаз кластері мен медициналық құрал-жабдықтар шығаруға бағытталған. Ол жерде қазірдің өзінде екі өндіріс орны ашылып, жұмысын бастап кетті.

Шымкентте тағы бір индустриалды аймақ бой көтереді

Кәсіпкерлер 3D форматтағы ламинатталған тақтайшалар шығарады. Өңірде бұдан бөлек жалпы құны 18 миллиард теңгеден асатын 18 жоба жүзеге асырылмақ. Облыстың инвеститциялық тартымдылығын арттыру мақсатында аудандарда дәл осындай 11 индустриалды аймақ құрылған.

Шымкентте тағы бір индустриалды аймақ бой көтереді

Әр аудан өз ерекшелігіне қарай өнім өндіреді. Бүгін осы жұмыс барысын аралаған мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Уәлихан Қайназаров, Құдайберген Ержан және жергілікті мәслихат депутаттары тірлікпен танысты.

Мұнда жалпы сомасы 174 миллиард теңгені құрайтын 143 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Онда 11500-ден астам адам жұмысқа тартылған. Индустриалды аймақтардың басым бөлігі жергілікті инвесторлардың күшімен салынуда. Қазірдің өзінде сол кәсіпорындарда өндіріліп жатқан тауарлар ішкі өнімнің 5 пайызын құрайды.