Шымкентте жылу қымбаттауы мүмкін

Шымкентте жылу тарифі 21 пайызға қымбаттауы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ мамандары алдағы бес жылға арналған тарифті талқылау мақсатында жария тыңдау өткізді. Сала мамандары қызмет құнының қымбаттауын газ бағасының артуымен байланыстырады. Алайда, осы тектес сан себепті алға тартқан жылу берушілердің ұсынысына халық қалаулылары қарсы шықты.

жылууууууБолжамды тариф қызу талқыға түсті. Алдымен жылу берушілер мәслихат депутатары мен жергілікті билік өкілдеріне 21 пайыздық өсімнің себеп-салдарын тәптіштеп түсіндіріп берді. Басты себеп — газ бағасының бірден 14 пайызға қымбаттауы дейді сала мамандары.

Алайда халық қалаулылары бұл тым жоғары өсім деп есептейді. Газ бағасы ғана емес, биыл жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарының шығыны да артқалы отыр. Төрт қазандықты жөндегелі отырған мекеме бұл мақсатта жұмсалатын қаржы көлемінің артуы да жылу бағасына әсер етіп отырғанын жасырмайды. Себебі, жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар шетелден тасымалданатын көрінелі. Десе де тұтынушыға жеткенше жылудың қанша болатынын салаға жауаптылар әлі дөп басып айта алмай отыр.

2016-2021 жылдарға ұсынылып отырған тариф әлі кеңес отырысында талқыланады. Ал оған дейін халық қалаулылары жылу құнына әсер етіп отырған газ бағасын төмендету туралы министрлікке ұсыныс жасауға бекініп тарасты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР