Шымкенттегі қоғамдық орындарда Wi-Fi жоқ

Шымкент қаласы бойынша 6 қоғамдық орында вай-фай желісі орнатылған. Дәл қазір бұл демалыс орындарында сымсыз ғаломтор желісінің жұмысы қаржының бөлінбеуіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Билік өкілдерінің айтуынша, алдағы тамыз айынан бастап тегін интернет көзі қайта қосылатын болады.

Шымкенттегі қоғамдық орындарда Wi-Fi жоқ«Green Bus» компаниясының көліктері бағытқа шыққан алғаш сәттен бастап, автобустарда вай-фай желісі жұмыс істейтін. Әлеуметтік желінің қолжетімділігі қоғамдық көліктерде қатынайтындар үшін ыңғайлы еді. Бірақ, жолаушылардың қуанышы ұзаққа созылмады.

Автобустардағы вай-фай желісінің өшірілуін компания басшылығы келтірілген шығынның көптігімен байланыстырады. Бір сөзбен айтқанда, жекеменшік кәсіпкер жолаушылар игілігі үшін артық ақшасынан қағылғысы келмейді.

Айта кетейік, жылдың басында «Грин бас» компаниясының 200-ге жуық автобусы іске қосылған болатын. Оның 150-інде вай-фай-желісі орнатылған еді. Бірақ, қазір серіктестікке қарасты бірде-бір көлікте интернет көзі жұмыс істемейді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР