//
Шымкенттегі үйлерді нығайту жұмыстары басталды Жаңалықтар 

Шымкенттегі үйлерді нығайту жұмыстары басталды

Абай ауданы бойынша үш көп қабаты үйде сейсмонығайту жұмыстар басталды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала қоржынынан 122 млн теңге бөлінген. Жұмыс жыл соңында аяқталады деген жоспар бар. Оған дейін  тұрғындарға баспаналарын босата тұруға тура келеді.

Шымкенттегі үйлерді нығайту жұмыстары басталды

Сейсможаңғырту жұмыстары басталған үйлердің бірі Асанбай Асқаров көшесіндегі көне ғимараттардың біріне жатады. Іргетасы 1973 жылы қаланған. Содан бері жөнделмепті. Соңғы жылдары үйдің қабырғалары біршама сөгіліп, тұрғындарды үрей билеген. Қазіргі таңда қаржы бөлініп, екі қабатты ғимарат құрсаулары бекітілмек.

Шымкенттегі үйлерді нығайту жұмыстары басталды

Үй қабырғасын жаңартып жатқан 15 азамат ескі сылақты сыпырып тастайды. Сосын жобада бекітілгендей тор тартылып, қайта сыланады. Шатыры алмастырылып, үй ішіндегі пәтерлер де 30 пайыз қайта жөндеуден өтетін болады.

Жоспар бойынша Абай ауданына қарасты Темірлан тас жолындағы №29 және Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 23 А үйлерде да тап осындай жұмыстар атқарылады.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz