//
Шымкенттегі №4 балалар үйіне жаңа электр бағандары орнатылды Жаңалықтар 

Шымкенттегі №4 балалар үйіне жаңа электр бағандары орнатылды

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы №4 балалар үйінің маңын жарықтандыруға арналған 12 дана бағана орнатылды. Бұл қайырымдылықты демеушілер жасап отыр.

Ал сым тарту жұмыстарына облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының мамандары бас-көз болды.

Шымкенттегі №4 балалар үйіне жаңа электр бағандары орнатылды

Балалар үйінің аумағында тұрған 5 жарық бағанасы ескірген және жарамсыз болатын. Соның кесірінен қараңғы түскенде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне асханаға, мектепке, спорт кешеніне барып келуіне үнемі қолайсыздық туып келген еді.

Шымкенттегі №4 балалар үйіне жаңа электр бағандары орнатылды

Жалпы, юалалар үйінің аумағы 4,5 га жерді қамтиды. Қазіргі таңда онда 95 бала тәрбиеленуде. Балалар үйінің аумағында жатын ғимараты, спорт кешені, мектеп, асхана, монша, кір жуатын және от жағу бөлмелері бар.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz