Шымкенттегі баспанаға 1746 адам электронды құжат тапсырды

Шымкентте «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша құжат қабылдау науқаны 22 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы тілшілерге қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева мәлім етті.

ГульнарБөлім басшысының айтуынша, бүгінге дейін 1746 азамат электронды порталмен компания арқылы берілетін үйлерге өтініш білдірген. Құжат тапсырғандардың 1500-ге жуығы мемлекеттік қызметкер болса, қалғаны — көп балалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылар.

Жалпы, халыққа тапсырылатын баспаналар 2 бағыт бойынша үлестірілетін болады. Бірінші лекте тиісті 900 адам баспаналы болады. Бірінші бағыт бойынша жасы 35-ке дейінгі, некеде кемі 3 жыл болған отбасылар пәтер алса, басқа да санаттар бойынша кезекке тұрғандар екінші бағытқа топтастырылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР