Стратегиялық маңызды нысандардың қауіпсіздігі — билік назарында

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі — билік назарында. Осыған орай ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар теміржол вокзалы мен әуежайда болды.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Облыс әкімінің бірінші орынбасары алдымен теміржол вокзалының жұмысымен танысып, қауіпсіздік шараларын көрді. Соның барысында бейнебақылау камераларының талапқа сай еместігін айтып, арнайы бейне-бақылау орталығының жұмысын заман талабына сай етіп жандандыруды тапсырды.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында жолаушыларды тексеруден өткізетін станционарлық темір іздегіш құрылғыларды орнатуды, вокзалдың келбетіне кері әсерін тигізіп отырған ретсіз сауда дүңгіршектерін алып тастауды тапсырды.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі - билік назарында

Бұдан кейін Дархан Сатыбалды қаладағы халықаралық әуежайда болып, ондағы жаңадан ашылған күту залын аралап көрді. Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеңейтуді жүктеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР