//
Түркістанда 120 орынды балабақша ашылды Жаңалықтар 

Түркістанда 120 орынды балабақша ашылды

Астана күніне орай түркістандық бүлдіршіндер үшін 120 орындық балабақша ашылды. Осылайша Шорнақ ауыл округіне қарасты Қосмезгіл елдімекені тұрғындарының қуаныштары еселене түсті.

Түркістанда 120 орынды балабақша ашылды

«Алтын сақа» балабақшасына жергілікті бюджеттен 241 млн теңге жұмсалған. Бүлдіршіндердің тәрбие ұясы заман талабына сай жарақтандырылып, балғындарға қажетті барлық құрылғылармен қамтылған.

Ауыл тұрғындарының қуанышын арттырған осынау салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Ә.Өсербаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиды.

Түркістанда 120 орынды балабақша ашылды

Жалпы Түркістан қаласы бойынша биыл 4 балабақша салынуда. Оның бірі осы «Алтын сақа» балабақшасы болса, қала орталығынан есігін айқара ашуға екінші балабақша да дайын тұр дейді шаһар басшысы. Бұл өңірде балаларды балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 81 пайызға жетіп отыр.

Түркістанда 120 орынды балабақша ашылды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz