//
Түрмедегілер тапсырыс қабылдайды Жаңалықтар 

Түрмедегілер тапсырыс қабылдайды

Түзеу мекемесі тапсырыс қабылдайды. Жазасын өтеп жатқандар түрлі мамандықты игеріп, күнделікті тұтынуға қажетті бұйымдарды жасап сатуда. Мысалы, Шымкенттегі 167/3 түзеу мекемесінің ұстаханасы тапсырыстан бір уақыт босамайды. Мұнда темірден жасалатын тауарларға сұраныс артқан. Бас бостандығынан айрылғандар түзеліп қана қоймай, өңір экономикасының дамуына үлес қосуда.

Түрмедегілер тапсырыс қабылдайды

Оңтүстіктегі түзеу мекемелерінде өндіріс қолға алынған. Бұл өңірдің экономикалық өсуіне өзіндік септігін тигізетіні де ақиқат. Мұнда металл және ағаштан қажетті заттар құрастырылып, тігін өндірісі дамып келеді. Әсіресе ағаштан жасалатын бұйымдарға деген сұраныс жоғары.

Сондай-ақ, тапсырыспен түсіп жатқан тауарлардың тізімін темір есік, темір қоршаулар бастап тұр. Ұсталар клиенттің талабы бойынша кез келген тауарды дайындап беруге дайын.

Азамат Ғазиев – жазасын өтеп жатқандардың бірі. Ол дәнекерлеуші мамандығын меңгерген. Қолынан жұмыс келгендіктен бүгінде цехтың жауапты жұмысшысы болып жүр.

Азамат Ғазиев: “Бостандықта 7 жылдық тәжірибем бар. Мұнда сотталғандар жұмыс істеп, қаржы таба алады. Оны үйіне жіберіп, қарыздарын құтыла алады. Жұмыс істегенде уақыт бос отырғаннан көрі тез өтеді.

Түзеу мекемесіндегі мамандардың өнімі көптің көңілінен шығып отыр. Әсіресе, сапасы жағынан тиімді.

Ернар Балабеков

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz