//
"Тұлпар" демалыс аймағы тамызда іске қосылады Жаңалықтар 

“Тұлпар” демалыс аймағы тамызда іске қосылады

Шымкент қаласындағы Тұлпар демалыс аймағы тамыз айында іске қосылады. Аумағы 3 гектар аймаққа 500 миллион теңге инвестиция тартылған. Мұнда 15 түрлі ойын элементі орнатылған.

"Тұлпар" демалыс аймағы тамызда іске қосылады

Арасындағы бірегейі ретінде биіктігі 50 метрлік алып аттракционды айтуға болады. Сала мамандарының айтуынша, Шымкентті төбесінен шолуға арналған доңғалақ орта Азиядағы ең үлкен ойын элементіне жатады екен. Сондай-ақ, демалыс аймағында суда қыдыру құралдары да қаралған.

Еске салайық, осыдан екі жыл бұрын облыс және қала басшылығы кәсіпкердің жалға алған жерін сот арқылы мемлекет қажеті үшін қайтарып, қайта құру шараларын жүргізді. Нәтижесі көз қуантады.

Қайта құрудан өткен “Тұлпар” демалыс аймағының 3 гектарға жуық жерін қала әкімдігі “Нұрғажайып” ЖШС-не бір жылға жалға берген. Екі арадағы келісім орындалған жағдайда жалға беру мерзімі созылатын болады.

Меморандумға сай кәсіпкерлер мұнда 500 млн теңгеге жуық инвестиция құйыпты. Жоспар бойынша шілдеде тапсырылуы тиіс нысан енді тамызда іске қосылмақ.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz