Текесудағы мал шығыны тексерілуде

288
Таскешуде тасыған судан мал өлді

Текесуда төтенше жағдайдан мерт болған төрт түлік сақтандырылмаған. Сол себепті өтемақыны кімнің төлейтіні белгісіз. Бұл сұрақ арнайы құрылған комиссияда қаралады.

Таскешуде тасыған судан мал өлдіБір белгілі болғаны, қырылған малдың саны- 19. Соның он жетісі жылқы, екеуі сиыр. Сол күні-ақ акт түзіліп, ауыл тұрғындары құжатпен танысқан. Әкімдік өкілдері өлген малды көмуге көмектесіпті. Әл Фараби ауданының әкімі төрт-түліктің өлуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп отыр.

Еске салайық, 5 шілде күні Текесуда жауған қатты нөсер жайылымдағы жылқыны ағызып кеткен болатын. Жаңбыр суы ауыл маңындағы су қоймасына құйылып, жылқылар суға тұншығып қалған. Сондай-ақ, Ынтымақ көшесіндегі екі үйдің сарайын су басты.

Ернар Балабеков