Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті

Облыс әкімінің тапсырмасына орай қала әкімдігінің мәжіліс залында Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті.

Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті

Жиында құқық қорғау органдары саласының басшылары Шымкент қаласындағы жұртшылық көп шоғырланған орындардағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндама жасады. Әрі, айтқан жерден аулақ, көпшілікті қандай да бір террористік іс-қимыл болған жағдайда дер кезінде полиция қызметіне хабарлауға шақырды.

Терроризмге қарсы күрес жайлы жиын өтті

— Терроризмге қарсы күрес тек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ғана міндеті емес. Бұл дерт барша тұрғынның жұмыла күресуімен ғана жойылмақ. Сондықтан өз ортамызда біздің амандығымызға жауапты қызметкерлермен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет, – деді Рашид Аюпов.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 701 қоғамдық-әлеуметтік нысан бар. Осы аумақтардағы  тұрғындардың қауіпсіздік мәселесін тиісті құқық қорғау органдары өз қорғауына алған. Сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы арнайы бағдарлама шеңберінде осы орындарда терроризмге қарсы күрес жайлы бейне түсірілімдер көрсетіліп, түсіндіру мәтіндері ілінген.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР