//
Жастар ресурстық орталығының ғимаратын жөндеу басталды Жаңалықтар 

Жастар ресурстық орталығының ғимаратын жөндеу басталды

Жастар ресурстық орталығының ғимаратында күрделі жөндеу басталды. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес құрылыстың құны – 124 млн теңге. Жоба бойынша ғимараттың сыртқы және ішкі жағы толық жаңаланады.

Құрылыс барысын техникалық қадаєалау мекемесінің мамандары жіті бақылауға алыпты. Мердігерлер нысанды қыркүйек айында тапсырамыз деп жоспарлап отыр.

Жастар ресурстық орталығының ғимаратын жөндеу басталды

Бір жылдары кинотеатр, кейін ұлттық мәдени орталықтардың мекені болған ғимаратта құрылыс қарқын алған. Күрделі жөндеу мердігер мекеме “Радуга-СН” серіктестігіне жүктелген. Айта кету керек, пайдалануға берілгеніне жарты ғасыр өткен ғимараттың әбден тозығы жеткен. Сондықтан жылу, электр жүйесін мен еден, шатыры толығымен алмастырылады. Көпшіліктің өтініштері ескеріліп, мұнда енді ыңғайлы баспалдақтар орнатылып, сахна 1,5 метрге кеңейеді.

Құрылысшылар нысанның ерекшелігін ескерген. Сондықтан залдың төбесі мен қабырғалары арнайы материалмен қапталады. 60-тан астам жұмысшының арасында жұмыспен қамту орталығынан жолдама алғандары да бар.

Құрылыс барысын техникалық қадағалау мекемесінің мамандары жіті бақылауда. Қандай да бір кемшіліктер орын алса, сол заматта акт түзіліп, жөнделеді. Жастар ресурстық орталығы ғимаратының құрылысы қыркүйек айында аяқталады. Мердігерлер жаңаланған ғимараттың сапасы жоғары болатынына әрі халық көп жылдар бойы пайдаланатынына сенімді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz