//
Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкін Жаңалықтар 

Қыста шымкенттіктер тоңбайды

Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкінАлдағы қысқы суықта Шымкенттіктер тоңбайды .”Қуат жылу орталығы” мекемесі шаһардағы әбден тозығы жеткен 42 шақырым жылу құбырын жаңартып жатыр.

Бүгінде Шымкенттің 33 көшесінде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Оған 230 жұмысшы жұмылдырылған. Жоспар бойынша жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары қазан айында толығымен аяқталуы тиіс.

Қаланың 33 жерінен осылайша қазылып тасталған. Жылу маусымына дайындық сапалы болсын десек, оған шыдамдылық танытуға тура келеді. “Қуат жылу орталығының” мамандары көшелердегі бұл қиындықтар қазан айына дейін болады деп ескертуде. Жөндеуді тыңғылықты жүргізу қолға алынған. Себебі 80-жылдардан бері алмастырылмаған құбырлардың әбден тозығы жеткен.

Ондаған шақырымдық құбырларды алмастыру үшін қазынадан 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жұмыстар негізінен көп қабатты үйлер көп шоғырланған шағынаудандарда қарқын алған. Тек Күншығыс және 16-шағынауданның өзінде 200-ге жуық үйге жылу жеткізетін құбырлар жаңаланады.

Жергілікті билік бұл жұмыстарды күрделі жөндеудің бастамасы деп отыр. Биылға түзілген жоспар орындалса, шаһардың жылу жүйесінің оңтүстік бөлігі – 87 солтүстік бөлігі 30 пайызға жаңартылады деген сөз.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz