Қаратау ауданының жаңа әкімі тағайындалды

681
Қаратау ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Мәуленқұлов Ғабит
Қаратау ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Мәуленқұлов Ғабит

Шымкенттегі Қаратау ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен аудан әкімі қызметін енді Мәуленқұлов Ғабит атқарады.

Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1999 жылы халықаралық құқық және нарық академиясын, 2009 жылы Қ.А.Яссауи атандағы халықаралық қазақ түрік университетін бітірген.

Еңбек жолын Атырау қаласында Каспий экологиялық прокуратурасында бастаған. Бүгінгі таңға дейін Қазақстанның жоғарғы сот аппаратында түрлі қызмет атқарған. Енді аудан әкімі лауазымына тағайындалып, елдің дамуына үлес қоспақ.