22 тамыз – Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні

647
22 тамыз - Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні

22 тамыз – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, ел тарихында аты алтын әріппен жазылған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні. Шымкенттіктер ел ардақтысының ескертіші алдына жиналып, еске алды. Жиналған қауым мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Қайтыс болғанына 23 жыл өтсе де Социалистік еңбек ерін ешкім ұмытқан емес. Оның еңбек жолы, адами қасиеті жөнінде естеліктер айтты.

22 тамыз - Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні

Ел ардақтысы Дінмұхамед Қонаев 81 жасында дүниеден озады. Соңында алтыннан да қымбат мұрасы – қоғамға сіңірген еңбегі қалды. Елі еткен еңбегін елеп, жыл сайын туған күні мен қайтыс болған датасын ұмытпайды. Ардақтысын еске алып, өзге өнеге болған ғұмырын пір тұтады.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 1955 – 1986 жылдары ел басқарған. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елдімекен пайда болып, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсіп, өнеркәсіп, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы өркендегенін сол кезеңде еңбек еткен азаматтар ұмытпайды.

Қонаевтың Оңтүстік өңіріндегі қоры, қоғамдық және бірқатар партия ұйымдарының өкілдері салтанатты жиында марқұмның еліне адал перзент болғанын ерекше атап өтті. Дәстүрге айналған шараға кейінге кезде жас толқын да үлес қосып келеді. Өскелең ұрпақ аталарының рухын ардақтап, арнау жазды.

Дінмұхамед Қонаев – Қазақ елінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ірі тұлға. Ол кісінің іскерлігі, мәдениеттілігі, адалдығы мен қарапайымдылығы жайлы естеліктер оқулықтар мен шежірелерде орын тапқан.