25 жылдыққа — 25 мектеп

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 мектеп. Облыста егемендік тойы қарсаңында су жаңа білім нысандары есігін айқара ашады. Пайдалануға берілетін білім ұялары негізінен бала саны көп аудандарда салынып жатыр.

25 жылдыққа - 25 мектеп

25 ғимараттың ішіндегі ең үлкені — Ынтымақ шағынауданындағы 900 балаға лайықталған білім ұясы 1 қыркүйекте балаларға есігін айқара ашады. Осыған дейін ескі әрі тар мектепте білім алып келген шәкірттер биылғы оқу жылынан бастап заманауи үлгідегі мектепте білім алады. Қазір жұмыс 90 пайызға бітуге жақын. Жұмысшылар ұсақ-түйек шаруаларды атқарып, аула мен ғимарат ішін тазалап жатыр.

25 жылдыққа - 25 мектеп

Өңірде бой көтерген 9 білім нысаны «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Жалпы бүгінде облыс аумағында 201 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның алпыс жетісі — мектеп, ал төртеуі — балабақша.

Білім ұялары негізінен бала саны көп Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт пен Мақтаарал, Түркістан және Түлкібас аудандарында салынуда. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту болатын 25 ғимараттың да пайдалануға берілетін күні жақын. Осылайша биыл 6,5 мыңнан астам шәкірт су жаңа нысандарда сауат ашатын болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР