Алкоголь өнімдерін тиісті құжатсыз сатуға болмайды

866
Алкоголь өнімдерін тиісті құжатсыз сатуға болмайды

Лицензиясыз және тиісті құжатсыз алкоголь өнімдерін сатқан жеке кәсіпкерлердің жолы кесіледі. Бір ғана Қаратау ауданы бойынша арнайы рұқсаты жоқ 22 кәсіпкер спирттік ішімдік сатып келген. Заң бұзған 17 тұлғаның ісі сотқа жіберіліп, мемлекет қазынасына 2 млн теңгеден аса айыппұл төленді. Айта кетейік, ауданда арақ-шарап сатуға құқылы 154 жеке кәсіпкер бар.

Алкоголь өнімдерін тиісті құжатсыз сатуға болмайды

Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары үнемі рейд ұйымдастырып, заңсыз кәсіпкерлікті анықтап келеміз дейді. Мамандар бұл жолы Сайрам тұрғын алабындағы көтерме сауда орындарын тексеріп, алкоголь өнімдерін саудалайтындардың құжатына назар аударды. Ә дегеннен-ақ заңды белшеден басқандар кездесіп, үстіренен акт толтырылды.

Рахым Асанов, Қаратау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Мына дүкенде 400 шөлмек сыраны тіркедік. Жеке кәсіпкер сыраны ілеспе құжатынсыз сатқан.»

Салық кодексіне сәйкес алкоголь өнімдерін сату үшін жеке кәсіпкерде ең бастысы лицензиясы болуы тиіс. Және сатуға қойған әрбір арақ-шарап пен сыраға ілеспе құжаттары болуы міндетті.

Өміршік Сұлтаншиков, жеке кәсіпкер: «Араққа лицензиямыз бар. Ал сыраға ілеспе құжаттарымыз болмай шықты.

Қаратау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында алкоголь өнімдерінің саудасымен айналысатын 154 жеке кәсіпкер тіркелген. Маусымда бастауын алған рейда барысында олардың 22-сі ішімдіктерді лицензиясыз сатқаны анықталып отыр.