Алыстағы ағайын медициналық көмекке мұқтаж

Алыстағы ағайын медициналық көмекке мұқтаж. Қазығұрттықтар үшін дәрігерге қаралу мұңға айналған. Аудан орталығындағы ақ халаттылардан кеңес алуға да сағаттап кезекке тұруға міндеттісіз. Емделушілер дертіне дауа таба алмай, сабылып кезек күтімен күндері өтеді. Ұзын-сонар кезекке ашынған халық көмек сұрады.

vlcsnap-2016-08-19-17h11m26s30
Ал флюрографияға түсуге келгендер төбелесуге дейін барады. Кезекті таңсәріден алатын күндері де болады екен. Аудандағы жалғыз аппарат 109 мың халыққа қызмет көрсетеді. Әсіресе, оқу жылының басында мұндағы кезектен көзіңіз сүрінеді дейді ашынғандар.

vlcsnap-2016-08-19-17h10m20s157

Ауруханадағы кезек күту, әсіресе, қарт кісілердің жанына батады. Денсаулығы сыр бергендер таңертеңнен кешке дейін дәрігердің қабылдауын тосып, ақыр соңында кіре алмай кетіп жатады. Ал аудандық емхана басшылығы бұл проблеманың жуық арада шешілуі екіталай дейді. Өйткені бұл үшін дәрігерлердің санын көбейтіп, қосымша ғимарат қажет екен.

Мұхтар Сапарбекұлы, бас дәрігердің орынбасары: «Бір кабинетте үш маман науқасты қабылдайды. Сондықтан бір кабинетке кезекке тұрғандардың саны көп болады. Оған қоса емхананың ғимараты тар болып жатыр.»

Медицина мекемелеріндегі маман тапшылығы қарапайым халықты қынжылтып тұр. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың бұл проблемасын аудан басшылары да шешуге асығар емес.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР