//
Арыс қаласының әкімі Жазира Жаппарқұлдың отбасын құттықтады Жаңалықтар 

Арыс қаласының әкімі Жазира Жаппарқұлдың отбасын құттықтады

Арыс қаласының әкімі Жазира Жаппарқұлдың отбасын құттықтады. Қала басшысы Сейіт Мырзақұлұлы барша Қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыздың ата-анасына алғыс білдіру мақсатында зілтемірші қыздың үйіне барды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Арыс қаласының әкімі Жазира Жаппарқұлдың отбасын құттықтады

Әкім батыр қыздың байрақты бәсекеде Қазақ елінің атын тағы бір биік белестен көрсеткені үшін ата-анасы мен туыс-бауырларына қала халқы мен өз атынан шексіз алғысын білдірді. Сонымен қатар 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиадада Жазираның топ жарып, алтыннан алқа тағып, еліміздің атын күллі әлемге танытуына тілектесігін білдірді.

Арыс қаласының әкімі Жазира Жаппарқұлдың отбасын құттықтады

Еске салайық, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 69 келі салмақтағы әйелдер арасындағы жарыс мәресіне жетіп, қазақстандық ауыр атлет, жерлесіміз Жазира Жаппарқұл екінші орынға тұрақтап, күміс медалдің иегері атанды. Мақтанышымыз, Қазақстанның көк байрағын көкте желбіреткен Жазира зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ спортшысы болып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz